Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалды

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Еске салсақ, 3 ақпанда Сенат отырысында депутаттар Пірматовтың кандидатурасын мақұлдаған болатын.