---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/03/almaty-oblysynda-onkologiyalyq-awrwlardan-bolatyn-oelim-zhitim-6-5-gha-toemendedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 6,5% &#8212; ға төмендеді

![Алматы облысында онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 6,5% &#8212; ға төмендеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/whatsapp-image-2022-02-03-at-13.55.25.jpeg)

**Облыста 15 672 онкологиялық науқас динамикалық бақылаға алынған. Бұл туралы Jetisy ‘ Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.**

Сонымен, 2021 жылы диспансерлік есепке 2867 науқас алынған болатын: оның ішінде 1146 ер адам және 1721 әйел адам. 2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 22,7% — ға өсті. Бірінші орында сүт безі обыры, бұл 12,7% — ды, одан кейін асқазан обыры 8,6% — ды, өкпе обыры 7,8% — ды құрады.

> «Өкінішке орай, 2021 жылы 1206 науқас қайтыс болды: оның ішінде 643-і ер адам және 563-і әйел адам. Алайда, бұл 2020 жылға қарағанда 6.5% — ға аз», — деп атап өтті Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиниканың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлайым Оразбекова.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруын диагностикалау бойынша онкүндік өтуде, оның барысында тегін кеңес беру мен скрининг қарастырылған.

---

Жарияланды: 2022-02-03T08:51:13+06:00

Жаңартылды: 2022-02-03T09:18:30+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/03/almaty-oblysynda-onkologiyalyq-awrwlardan-bolatyn-oelim-zhitim-6-5-gha-toemendedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.