---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/02/almatylyq-daerigerler-biregej-ota-zhasap-pacientting-ayaghyn-tengestirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің аяғын теңестірді

![Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің аяғын теңестірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/img_20220202_164446_139.jpg)

**Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігері, ортопед Қанат Тәуекелов Қызылордадан келген 34 жастағы тұрғынның аяғына күрделі операция жасады. Бірегей ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.**

Ота нәтижесінде пациенттің сол аяғы 5 сантиметрге ұзартылып, аяқтары теңестірілді.

Дәрігерлер пациентке «Жамбас сүйегінің туабітті кемістігі. 3-типтегі CROWE» диагнозын қойған. Ортопед маманның айтуынша, жігіттің оң аяғы сол аяғынан 6 см ұзын болған. Сондықтан ол бала күнінен балдаққа сүйеніп жүрген.

> «Біз эндопротездің көмегімен сол жақ жамбас сүйегін толық ауыстырып, сол жақ жамбасты анатомиялық жағынан ұзарттық», — дейді клиниканың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекелов.  
> 
> Дәрігердің сөзіне сүйенсек, жамбас буынын эндопротездеу кезінде жамбастың басы, мойны мен ұршық толығымен жасанды протезге ауыстырылады.
> 
> 
> 
> 
> «Мұндай жағдайда жамбас сүйегінің остеотомиясы деп аталатын тәсіл жақсы нәтиже береді. Ол аяқтағы ақауды түзетіп қана қоймай, аяқтың қызметін де айтарлықтай қалпына келтіруге көмектеседі. Ота 2,5 сағатқа созылды», – деп айтты Қ.Тәуекелов.
> 
> 
> 
> 
> «МӘМС пакеті арқылы осындай күрделі операцияларды жасатуға болады. Сақтандырылған тұрғындар бағасы қымбат болып келетін, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызмет түрлерін қажетінше пайдалана алады», – деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

---

Жарияланды: 2022-02-02T10:45:10+06:00

Жаңартылды: 2022-02-02T10:48:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [ота](https://qazaqpress.kz/tag/ota/), [Қанат Тәуекелов](https://qazaqpress.kz/tag/qanat-taewekelov/), [Қызылорда](https://qazaqpress.kz/tag/qyzylorda/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/02/almatylyq-daerigerler-biregej-ota-zhasap-pacientting-ayaghyn-tengestirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.