---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/01/qr-osk-maezhiliske-nurlan-nyghmatwlinning-oekilettigin-toqtatw-twraly-usynys-engizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР ОСК Мәжіліске Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді

![ҚР ОСК Мәжіліске Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/photo_93641.jpeg)

**ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Qazaqpress ОСК сайтына сілтеме жасап.**

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

---

Жарияланды: 2022-02-01T06:29:44+06:00

Жаңартылды: 2022-02-01T06:29:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/01/qr-osk-maezhiliske-nurlan-nyghmatwlinning-oekilettigin-toqtatw-twraly-usynys-engizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.