---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/31/toqaev-bejzhingge-zhumys-saparymen-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Бейжіңге жұмыс сапарымен барады

![Тоқаев Бейжіңге жұмыс сапарымен барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/10/photo_377526.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

> — Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-01-31T08:51:35+06:00

Жаңартылды: 2022-01-31T08:51:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/31/toqaev-bejzhingge-zhumys-saparymen-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.