---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/31/erlan-sajyrov-bizge-bilikti-boelwding-myqty-institwty-qazhet/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ерлан Сайыров: Бізге билікті бөлудің мықты институты қажет

![Ерлан Сайыров: Бізге билікті бөлудің мықты институты қажет](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/132954_1553058596.jpg)

**Бізге билікті бөлудің мықты институты қажет.****Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Кеше «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Президент Парламентті де, партиялық жүйені де трансформациялау қажеттігін айтты. Егер партиялық жүйе трансформацияланатын болса, онда «Nur Otan» партиясы еуропалық үлгідегі ұйымға айналуы тиіс. Партияда әкімшілік ықпал ету, біржақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерде лоббилендіру сынды элементтер болмауы тиіс. Яғни, партия адамдармен тікелей жұмыс істеуге қабілетті шынайы саяси күшке айналуы қажет. Біз соған ұмтылуымыз қажет. Сонда ғана еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуға қабілетті тұрақты іс-шаралар жүзеге асырылады», — деді Ерлан Сайыров.

Оның атап өтуінше, бізге билікті бөлудің мықты институты керек.

> «Мемлекеттік институттар пікір алуандығының негізін қалыптастырады және саяси тұрақтылықтың іргетасы саналады. Парламентте саяси күштердің кең спектрі болуы тиіс. Бұл ел тұрақтылығының кепілі», — деді Ерлан Сайыров.

---

Жарияланды: 2022-01-31T06:50:25+06:00

Жаңартылды: 2022-01-31T06:50:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/31/erlan-sajyrov-bizge-bilikti-boelwding-myqty-institwty-qazhet/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.