«Жасыл даму» АҚ утильалымды уақытша қабылдамайтын болды

«Жасыл даму» АҚ утильалымды уақытша қабылдамайтын болды

«Жасыл Даму» АҚ әкімшісі уақытша утильалымды қабылдамайды, деп хабарлайды Qazaqpress қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жасыл Даму» қазіргі уақытта «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциясын бұрынғы оператордан «Жасыл Даму» АҚ басшылығына беру процесі аяқталмады», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты, мынадай қызметтер уақытша тоқтатылған:

Акционерлік қоғам барлық ұйымдастырушылық-құқықтық процестер аяқталғаннан кейін, серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық рұқсат алғаннан кейін «Жасыл Даму» АҚ барлық міндеттемелерін орындайтынына сендірді.

«Бізге қатысы жоқ себептерге байланысты қазір мұны істеу мүмкін емес. Біз бәрінен жағдайға түсінікпен қарауды және қызметтің қайта жандануын күтуді сұраймыз. Ақпараттық жүйелер бойынша жұмыстың басталғаны кейінірек хабарланады», — деп қосты компания өкілдері.