Кәрім Мәсімов ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде

Кәрім Мәсімов ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады», — делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Еске салсақ, қаңтардың 6-сы күні ұсталған Мәсімов қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша күдікті деп танылған: Отанына опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алмақ болу және лауазымын асыра пайдалану.