---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/27/smajylov-rf-uekimetining-toeraghasy-mihail-mishwstinmen-telefon-arqyly-soejlesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

![Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/220126202912277e.jpg)

**Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.**

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ға артып, $21,8 млрд-қа жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ға өсті.

---

Жарияланды: 2022-01-26T18:41:29+06:00

Жаңартылды: 2022-01-27T04:44:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/27/smajylov-rf-uekimetining-toeraghasy-mihail-mishwstinmen-telefon-arqyly-soejlesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.