Арыстанғани Заппаров Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
– Қалыптасқан қылмыстық жағдайды ескере отырып, кадрлық әлеуетті нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұрынғы орынбасары Заппаров Арыстанғани Расилханұлы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз