Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растайды», — делінген хабарламада.
Антикор мәліметі бойынша, олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Discussion about this post