---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/26/almatyda-terroristik-qawiptilikting-qyzyl-denggeji-zhojylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады

![Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/1059343266_0_160_3073_1888_1920x0_80_0_0_1fdb8afc8387414e4ff4ee57c3f866c3.jpg)

**26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің күші жойылады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғанын мәлім етті.

> «Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылып, лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады. Сол уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді.

> Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.

---

Жарияланды: 2022-01-26T05:31:25+06:00

Жаңартылды: 2022-01-26T05:31:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/26/almatyda-terroristik-qawiptilikting-qyzyl-denggeji-zhojylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.