Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

21 қаңтардағы жағдай бойынша 124 744 адам (123 205+ және 1 539 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 8 929 науқас стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

396 науқастың жағдайы ауыр,
88 науқастың жағдайы өте ауыр,
57 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.