---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/20/saghyntaev-2050-tenggege-siyr-etin-qajdan-alwgha-bolatynyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сағынтаев 2050 теңгеге сиыр етін қайдан алуға болатынын айтты

![Сағынтаев 2050 теңгеге сиыр етін қайдан алуға болатынын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/df4ab900b0194169a24bed06d28f13eb.jpeg)

**Алматы бюджетінен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бір қалпыда сақтау үшін 11 млрд теңге бөлінді – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, жүйелі шаралар жалғасады. Бұған жергілікті бюджеттен 11 миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 19 Magnum сауда-орталық желісі мен 12 Toimart сауда-орталық желісінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың барлығы төмендетілген бағамен сатылуда. Орта есеппен екі желіде көкөніс бағасы базар бағасынан 30-50 пайызға, ет өнімдері 10-15 пайызға, азық-түлік тауарлары 10-30 пайызға төмендетілді – деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, «Көк базар», «Ақ-Бұлақ», «Оптовка», «Сарыарқа», «Тастақ», «Тау-Самал», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі сияқты жеті азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.

> — Көкөніс өнімінің сауда орындарында базар бағасынан 15,-2 есе төмен бағамен сатылуда, — деді Бақытжан Сағынтаев

Әкім Алматының қай жерінде 2050 теңгеге сиыр етін сатып алуға болатынын да айтты.

> — «Жұлдыз», «Орбита», «Тау-Самал», «Арыстан» және «Тастақ» секілді бес базарда ет сататын дүкендер іске қосылып, сиыр етінің келісі 2050 теңгеден сатылуда, — деп қорытындылады Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін мегаполис әкімі Алматыда екі метро стансасы қашан іске қосылатынын, тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге қалай көмектесетінін айтқан болатын.

---

Жарияланды: 2022-01-20T07:04:45+06:00

Жаңартылды: 2022-01-20T07:09:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [Бақытжан Сағынтаев](https://qazaqpress.kz/tag/baqytzhan-saghyntaev/), [сауда-орталықтар желісі](https://qazaqpress.kz/tag/sawda-ortalyqtar-zhelisi/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/20/saghyntaev-2050-tenggege-siyr-etin-qajdan-alwgha-bolatynyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.