---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/19/qazaqstan-halqyna-qorynyng-4-quryltajshysy-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақстан халқына» қорының 4 құрылтайшысы бар

![«Қазақстан халқына» қорының 4 құрылтайшысы бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/photo_385919.png)

**«Қазақстан халқына» қорының 4 құрылтайшысы бар, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев айтып берді.

> «Бірнеше қоғамдық бірлестік бірігіп «Қазақстан халқына» қорының құрылтайшысы болып отыр. Атап айтқанда 4 қоғамдық ұйым. Неге ол 4 ұйым деген сұрақтар да қойылып жатыр. Аталған ұйымдар осыған дейін де мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік салада қайырымдылық шарасымен тұрақты айналысып келеді. Және сол 4 қоғамдық ұйым жоғарыда аталған сала министрліктерінің ұсынысымен таңдалды. Осы тұста ерекше айтып өткім келеді, құрылтайшылардың қатысушылар секілді құқығы жоқ. Оларға арнайы құқық берілмейді. Олар тек қор жұмысының басталуына серпін берді, қайырымдылықты алғашқы болып бастады. Қор аз уақыттың ішінде құрылды, сондықтан осындай шешім қабылданды» — деді Болат Жәмішев Хабар 24 арнасының «Ошакбаев LIVE» бағдарламасының эфирінде.

---

Жарияланды: 2022-01-19T08:17:57+06:00

Жаңартылды: 2022-01-19T08:17:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/19/qazaqstan-halqyna-qorynyng-4-quryltajshysy-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.