---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/18/aelihan-smajylov-qazaqstan-tuerkiyamen-yntymaqtastyqty-nyghajtwdy-zhalghastyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлихан Смайылов: Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады

![Әлихан Смайылов: Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/220117202216465e.jpg)

**Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Түркия Республикасының Вице-Президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

> «Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», — деді Ә. Смайылов.

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның ТР-ға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

---

Жарияланды: 2022-01-18T06:01:30+06:00

Жаңартылды: 2022-01-18T06:01:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/18/aelihan-smajylov-qazaqstan-tuerkiyamen-yntymaqtastyqty-nyghajtwdy-zhalghastyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.