---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/14/zhanga-aldap-arbaw-zhuejesi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жаңа алдап-арбау жүйесі

![Жаңа алдап-арбау жүйесі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/screenshot_20220114-174605_whatsappbusiness.jpg)

**Қазақстанда What’s App желісінде жаңа алдап-арбау жүйесі жайында жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress.**

What’s App қолданушыларын жаңа алдап-арбау жүйесі шықты деп қорқытуда. Бұған дейін мұндай фейк ақпарат Ресей қаласы Новосібірде де тараған болатын.

Фейк ақпараттағы хаттамада былай делінген:

— Назар салыңыздар!

> Құрметті әріптестер!
> 
> 
> 
> 
> Біздің полиция қызметінен бәрін ескерту туралы өтініш келді. Жаңа афера: егер екпені егкен болсаңыз телефонға хабарласып, 1 санын басуын сұрайды. Ал басқаннан кейін ұялы телефоныңыз жабылып, құлыпқа түседі. Одан соң телефоныңыз хакерлік шабуылға ұшырайды.
> 
> 
> 
> 
> Көп адамның ұялы телефоны банк карталарына тіркелгендіктен, мұндай қоңыраулардан сақ болыңыз!
> 
> 
> 
> 
> Бұл хаттаманы өз туыс-жақындарыңыз бен топтық чаттарға таратуын сұраймыз. Сақ болсын.
> 
> 
> 
> 
> Бұл жүйеге іліккен адамдар көп!!!

Айта кетелік, Новосібір қаласындағы Сбербанктің атынан осыған ұқсас фейк ақпарат тараған болатын. Алайда «Сбербанк» администрациялық қызметінде жай ғана келген хаттаманы ашып, оқығаннан ақша аударылмайтынын айтты.

Алайда өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, алдағандар мен алданғандардың саны аз емес және бұл жүйе әлі күнге дейін өзекті. Сондықтан сақ болыңыздар!

---

Жарияланды: 2022-01-14T12:13:11+06:00

Жаңартылды: 2022-01-14T16:26:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [What's App](https://qazaqpress.kz/tag/whats-app/), [фейк](https://qazaqpress.kz/tag/fejk/), [хаттама](https://qazaqpress.kz/tag/hattama/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/14/zhanga-aldap-arbaw-zhuejesi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.