«Қызыл» аймаққа тағы 3 облыс кірді

«Қызыл» аймаққа тағы 3 облыс кірді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды  Qazaqpress.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, «қызыл» аймаққа кірген Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары кеше 13 қаңтарда «сары» аймақта тұрған болатын.