---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/13/ol-koeptegen-hat-alwda-aeliya-nazarbaeva-elbasygha-qoldaw-bildirgen-turghyndargha-alghys-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Ол көптеген хат алуда»: Әлия Назарбаева Елбасыға қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтты

![«Ол көптеген хат алуда»: Әлия Назарбаева Елбасыға қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/5f21c6de63e53602138857.jpg)

**Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Facebook-парақшасында елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Назарбаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар жүрегіне батып, уайымдатып отырғанын жазған.

> — Қаза болғандар мен зардап шеккендерге қалай қайғырып отырғанымызды жеткізер сөз жоқ. Қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл ауыр сабақ бәріміз үшін тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт заманда адамдар өлгені дұрыс емес. Мені қолдап жатқандарыңызға рақмет. Және қазіргі уақытта әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күндері әр өңір тұрғындарынан көптеген хабарлама келіп жатыр, — деп жазды Әлия Назарбаева.

---

Жарияланды: 2022-01-13T07:56:30+06:00

Жаңартылды: 2022-01-13T07:56:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/13/ol-koeptegen-hat-alwda-aeliya-nazarbaeva-elbasygha-qoldaw-bildirgen-turghyndargha-alghys-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.