---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/13/almaty-oblysynda-zhappaj-taertipsizdik-kezinde-337-adam-medicinalyq-koemekke-zhuegindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді

![Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/med-3.jpg)

**Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 13 адам әскери қызметкер. Қазіргі таңда түрлі дене жарақатын алған 109 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрігерлерге митингке қатысқандар тарапынан шабуыл жасалмағанын айтты.**

> — Көшеде орын алған тәртіпсіздікке қарамастан дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері штатты режимде жұмыс істеді. Дәрігерлерге митингке шыққандар тарапынан шабуыл жасалған жоқ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық жедел жәрдем станциясының бір қызметкері зардап шекті. Жедел жәрдем көлігіне атқан оқтың салдарынан сынған әйнек жүргізушіні жарақаттаған. Қазіргі таңда көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Амбулаториялық ем қабылдап жатыр, — деді басқарма басшысы.

Митингке қатысқандар 5 жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген. Облыста тәртіпсіздік орын алған кезде жалпы саны 206 жедел жәрдем көлігі медициналық қызмет көрсетті.

---

Жарияланды: 2022-01-13T10:48:45+06:00

Жаңартылды: 2022-01-13T10:48:45+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/13/almaty-oblysynda-zhappaj-taertipsizdik-kezinde-337-adam-medicinalyq-koemekke-zhuegindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.