Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

— Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады, — деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.