---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/12/oezbekstan-premer-ministri-aelihan-smajylovty-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өзбекстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловты құттықтады

![Өзбекстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловты құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/f3ea4799930948a5a9c9432954c5c402.jpeg)

**Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Арипов Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

> «Қазақстан Үкіметі бауырлас Өзбекстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға барынша дайынбыз. Ынтымақтастықтың екіжақты күн тәртібінің аясында белгіленген жоспарлар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында іске асырылатынына сенімдімін», — деді Ә. Смайылов.

Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы ҚР мен ӨР-ға тиесілі. 2021 жылдың 10 айында екіжақты сауда көлемі $3,26 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 30%-ға жоғары. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына кіре алады.

---

Жарияланды: 2022-01-12T08:19:12+06:00

Жаңартылды: 2022-01-12T08:19:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/12/oezbekstan-premer-ministri-aelihan-smajylovty-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.