---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/12/bizneske-keltirilgen-shyghyn-somasy-1037-mlrd-tenggeden-asty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты

![Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/7d8x6ytlbwc.jpg)

**12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Qazaqpress «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.**

> «Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің 11 өңірінде 1615 бизнес субъекті зардап шеккені анықталғанын, соның ішінде Алматы қаласында 1506 субъект бүлінгенін мәлімдейді.

> «Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5.
> 
> 
> 
> 
> Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.

Еске салсақ, мына өңірлерде кәсіпкерлік нысандары жапа шеккен: 1) Алматы қаласы 2) Алматы облысы 3) Шымкент қаласы 4) Жамбыл облысы 5) ШҚО 6) Қызылорда облысы 7) Атырау облысы 8) Қарағанды облысы 9) Павлодар облысы 10) Маңғыстау облысы (қосылған аймақ) 11) Ақтөбе облысы (қосылған аймақ).

 

---

Жарияланды: 2022-01-12T04:55:03+06:00

Жаңартылды: 2022-01-12T04:55:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/12/bizneske-keltirilgen-shyghyn-somasy-1037-mlrd-tenggeden-asty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.