---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/qaladaghy-zhaghdaj-bilikting-baqylawyna-alyndy-saghyntaev-almaty-turghyndaryna-uendew-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қаладағы жағдай биліктің бақылауына алынды»: Сағынтаев Алматы тұрғындарына үндеу жолдады

![«Қаладағы жағдай биліктің бақылауына алынды»: Сағынтаев Алматы тұрғындарына үндеу жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/news_full1638952969187c66311358d841d1028b7ca08261ed.jpg)

**Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрақсыздандыру мен экстремистік әрекеттердің артында ішкі және сыртқы арандатушылар тұрғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Stan.kz-ке сілтеме жасап.**

Қала әкімінің айтуынша, құқықтық тәртіп күштері жағдайды тұрақтандыру, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тыныштықты сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

> — Қазір қаладағы жағдай биліктің бақылауына алынды. Арандатушылар мен экстремистерді ұстап жатыр. Арандатушылар анықталуда. Әкімдік қала тіршілігінің барлық салаларын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс жүргізуде. Біздің ортақ міндетіміз – мегаполисте тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмеу. Барлық қала тұрғындарын арандатушылық пен заңсыздыққа бой алдырмауға шақырамын, – деді ол.

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

5 қаңтардың таңында президент Үкіметтің қызметінен кету өтінішін қабылдағаны белгілі болды. Енді Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарады.

---

Жарияланды: 2022-01-05T04:35:49+06:00

Жаңартылды: 2022-01-05T04:40:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: [алматылықтар](https://qazaqpress.kz/tag/almatylyqtar/), [Бақытжан Сағынтаев](https://qazaqpress.kz/tag/baqytzhan-saghyntaev/), [үндеу](https://qazaqpress.kz/tag/uendew/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/qaladaghy-zhaghdaj-bilikting-baqylawyna-alyndy-saghyntaev-almaty-turghyndaryna-uendew-zholdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.