Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Діни Youtube арнасының жүргізушісі Ардақ Байғабыл қазақстандықтарға үндеу жасады

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
5 января, 2022
Жаңаөзендегі жағдай: жанармай құю станциялары мәлімдеме жасады

«1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен тұрғындарын газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету туралы үндеуге қосылуға шақырамын», – деп жазды митингке қатысушылардың бірі Серік Бақтыбайұлы Facebook парақшасында.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Наразылық білдірушілердің кейбірі көліктердің қозғалысын бөгеп, жолға шығыпты.

«Сағат 11.00-де Жаңаөзендегі АХАЖ маңына жиналған көлік иелері сұйытылған газ бағасын төмендету мәселесін талқылады. Жиналғандармен қала әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құқық қорғау органдарының өкілдері түсіндірме үдерісін жүргізді.

Жиналғандарға сұйытылған газды сату бойынша істің жай-күйі және «Бейбіт жиындар ұйымдастыру туралы» заңы түсіндірілді, атап айтқанда, олардың әрекеттерінің заңға қайшы екендігі, себебі жиналысқа 5 жұмыс күні қалғанда әкімдікке хабарлау керек», – деді департамент.

Газ бағасының жоғарылауына байланысты шерулер өтіп жатқан Жаңаөзен қаласына қауіпсіздік қызметкерлері келді, деп хабарлады Қазақ телеграф агенттігі.

«Ұлттық ұлан жауынгерлері мінген автобус Жетібай ауданында жүріп жатыр, мен оларды өз көзіммен көрдім – «Урал» көлігінде», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар баспасөздің хабарлауынша, Маңғыстау облысының аудан орталығы Ақтауға әскери-көлік ұшақтары келген екен.

Бұған дейін Қазақстан билігі шерулер кезінде газ құнын төмендетуден бас тартқан болатын.

1 қаңтардан бастап елімізде газдың литрі 60 теңгеден 120 теңгеге дейін өсті. 2 қаңтарда Жаңаөзен қаласының (Маңғыстау облысы, Қазақстанның оңтүстік-батысы) тұрғындары жанармай бағасын төмендетуді талап етіп шеруге шықты. Тіпті, жергілікті жанармай құю бекеттерінің кейбір иелерінің өзі бағаны литріне 85-90 теңгеге дейін төмендетті.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында да наразылықтар жалғасуда. Халық облыс әкімдігі ғимаратының алдына шығып, газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Шеру өтіп жатқан аумақта белгісіз себептермен электр қуаты өшіп қалды, мәселені шешу үшін мамандар тартылды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Онымен қоса Алматы қаласындағы бір жанармай құю бекетінің маңайына наразылық білдірушілер жиналды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Telegram-арнасы.

Талап етушілер автогаздың бір литрін Маңғыстау облысындағыдай 50 теңгеден (8,45 рубль) сатуды талап етті.

3 қаңтарда Жаңаөзендегі талап етушілер саяси талаптарды да алға тарта бастады және бірнеше күн қатарынан түнеп жүр. Басқа қалалар да жаңаөзендіктермен келісетіні байқалады. Дүйсенбіге қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке «Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл қарауды» тапсырғанын жазды. Үкімет газ бағасы литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендейтінін айтты.

4 қаңтар күні Ақтауда наразылар шатыр мен киіз үй тігіп, алаңға жүздеген адам жиналды. Оның үстіне көршілес облыс Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларының тұрғындары да келгені хабарланды. Ал What’s App және т.б. әлеуметтік желілерде елорда тұрғындары да Маңғыстаудағы шеруге шыққандарды қолдайтыны жайлы бейне-жарияланым тарап отыр.

Сол күні Діни Youtube арнасының жүргізушісі Ардақ Байғабыл тікелей эфирде қазақстандықтарды сабырлыққа шақырып, өз пікірімен бөлісті.

«Жалпы, халықтың назы дұрыс, өйткені ол менің де назым. Менің де ойым. Менің де талабым. Менің де бала-шағам бар. Маған да бүкіл Қазақ елінде болып жатқан қымбатшылық ауыр тиіп жатыр. Мен қарапайым адаммын, сіздер, бәріміз бірдейміз. Бір нәрсені түсініңіздер ағайын! Сыртқы күштер бар осындай нәрсені қолданып қалад. Сосын сіздер білесіздер арты қандай болатынын. Қырғызстан, Украина тағы да басқа елдерді айтпай-ақ қояйын. Ең бастысы қазаққа, халқыма мына көшеге шығып жатқан, митинг жасап жатқан халқыма айтарым: көп жағдайда салқынқандылық танытыңыздар! Провакационный нәрселерге бой ұрмаңыздар! Арақ ішіп, мас боп, талан-таражғысып от шашып, сондай нәрсе жасамасаңыздар дұрыс. Билікке айтырым: халыққа оқ атпаңыздар! Ол – халқымыз. Бәріміз бірміз. Халық пен билік – бір нәрсе…»

 

Tags: Ардақ БайғабылгазЖаңаөзеншеру
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

The very best Online Dating Sites Designed for Latinas

Келесі жаңалық

Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Ерлан Қарин Президент көмекшісі қызметінен босатылды

Ерлан Қарин Президент көмекшісі қызметінен босатылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1003 адам жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

26 мая, 2021
Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

4 января, 2021
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

22 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.