---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/berdibek-saparbaev-zhambyldyqtargha-uendew-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жолдады

![Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/220105113056761e.jpg)

**Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

— Құрметті жерлестер!

Кеше Тараз қаласындағы орталық алаңға жиналған халықтың алдына шығып, сабырлыққа шақырып, заңсыздыққа бой алдырмауға, ортақ диалогқа келуге өтініш білдіргенмін.

Алайда, өкінішке қарай бірнеше жүздеген жастар қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берді.

Соның салдарынан 10-нан астам полиция көлігі аударылып, өртеніп, облыс әкімінің аппаратының ғимараты, орталық аумақтағы (Атшабар) «Каспий банк» бөлімшесі айтарлықтай зардап шекті.

Заң, тәртіп сақталу керек!

Мемлекет мүлігіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу — заңмен қудаланады.

Біздің ойымызша, бұзақылық сипаттағы жүздеген жастар қандай да бір топтың айтағына ергендер.

Баршаңызды араңдатушылыққа бой алдырмауға, іріткі салудан аулақ болуға шақырамын!

Қандай да бір заңсыз әрекеттердің барлығы үшін жауап беретіндіктеріңізді қатаң ескертемін!

---

Жарияланды: 2022-01-05T06:24:38+06:00

Жаңартылды: 2022-01-05T06:24:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/berdibek-saparbaev-zhambyldyqtargha-uendew-zholdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.