---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/44044/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

![Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/60f8705e355a1dc7846cdaa531b46db5_l.jpg)

**Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.**

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

---

Жарияланды: 2022-01-05T04:44:33+06:00

Жаңартылды: 2022-01-05T05:28:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Мұрат Нұртілеу](https://qazaqpress.kz/tag/murat-nurtilew/), [орынбасар](https://qazaqpress.kz/tag/orynbasar/), [тағайындау](https://qazaqpress.kz/tag/taghajyndaw/), [ҰҚК](https://qazaqpress.kz/tag/uqk/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/05/44044/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.