---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/04/toqaev-demonstranttar-zhawapkershilik-tanytyp-dialogqa-dajyn-bolwgha-tiis/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

![Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/photo_92026.jpeg)

**Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды.

> «Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді.
> 
> 
> 
> 
> Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», — деді Президент.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.

---

Жарияланды: 2022-01-04T05:54:28+06:00

Жаңартылды: 2022-01-04T05:54:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/04/toqaev-demonstranttar-zhawapkershilik-tanytyp-dialogqa-dajyn-bolwgha-tiis/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.