---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/01/03/toqaev-zhangaoezendegi-zhaghdajgha-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

![Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/ap_19161506494030-pic4_zoom-1500x1500-93708.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек, — деп жазды мемлекет басшысы.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.

---

Жарияланды: 2022-01-03T04:25:09+06:00

Жаңартылды: 2022-01-03T04:25:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/01/03/toqaev-zhangaoezendegi-zhaghdajgha-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.