---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/30/aida-balaeva-zhwrnalist-pen-depwtat-arasyndaghy-dawgha-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Аида Балаева журналист пен депутат арасындағы дауға пікір білдірді

![Аида Балаева журналист пен депутат арасындағы дауға пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_319329.png)

**ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ өкілі мен депутат арасында болған түсініспеушілікке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Бүгін Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында болған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек)», — деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, Балаева сұхбат барысында мәдениет пен этиканың сақталу керектігін еске салды.

> «Десе де, мәселенің екінші жағы да бар, ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірінің құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауға қашанда дайын», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2021-12-30T08:30:12+06:00

Жаңартылды: 2021-12-30T09:22:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/30/aida-balaeva-zhwrnalist-pen-depwtat-arasyndaghy-dawgha-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.