---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/29/osk-bekbolat-tilewhannyng-oekilettigin-merziminen-buryn-toqtatw-twraly-usynym-engizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді

![ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_384319.jpeg)

**ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді, деп хабарлайды****Qazaqpress ОСК сайты****на****сілтеме жасап.**

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», — делінген ОСК хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-12-29T05:28:46+06:00

Жаңартылды: 2021-12-29T05:28:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/29/osk-bekbolat-tilewhannyng-oekilettigin-merziminen-buryn-toqtatw-twraly-usynym-engizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.