Айдос Сәкенов Туризм индустриясы комитетінің басшысы болып тағайындалды

Айдос Сәкенов Туризм индустриясы комитетінің басшысы болып тағайындалды

Айдос Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі бұйрығы бойынша Айдос Мерекеұлы Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.