---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/23/semej-qalasynda-zhanga-koepir-salynbaq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Семей қаласында жаңа көпір салынбақ

![Семей қаласында жаңа көпір салынбақ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/202108121435.jpg)

**Семей қаласында 2025 жылға дейін көлік қатынайтын көпір бой көтереді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл жайлы Ақпарат орталығындағы баспасөз конференциясына қатысқан қала әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

> «2025 жылға дейінгі инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Семейде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі – көлік қатынайтын жаңа көпір салу. Бұл мақсатқа 33,2 млрд теңге жұмсалмақ», — деді ол.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі уақытта жаңа мешіт маңында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынған. Өткелдің ұзындығы — 48 метр, ені — 2,5 метр, биіктігі — 5,3 метр.
> 
> 
> 
> 
> «Бұл өткел халықтың сұранысы бойынша салынды. Осылайша, тұрғындарға мешітке жету ыңғайлы бола түсті. Жерүсті өткелі мешіттің сәулетіне сәйкестендіріліп жасалған», — деді Бақытжан Байахметов.

---

Жарияланды: 2021-12-23T05:37:12+06:00

Жаңартылды: 2021-12-23T05:37:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/23/semej-qalasynda-zhanga-koepir-salynbaq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.