Бекшин: Алматыда «омикрон-штамы» анықталған жоқ

Бекшин: Алматыда «омикрон-штамы» анықталған жоқ

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада «омикрон» штамының табылмағанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавируспен ауыратындардың саны азайғанын хабарлады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша тәулігіне 30-40 жағдай тіркеледі, осыған орай қала «жасыл» аймақта.

Коронавирустың жаңа штамы Алматыда тіркелген жоқ.

«Бүгінгі таңда біз Денсаулық сақтау министрлігінен секвенирлеу нәтижелерін алдық. Біздің қалада «омикрон» табылған жоқ», — деді Бекшин.