---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/22/kezekti-tolqyn-bastalyp-zhatyr-uekimet-basshysy-zhanga-shtamm-bojynsha-tapsyrma-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Кезекті толқын басталып жатыр»: Мамин жаңа штамм бойынша тапсырма берді

![«Кезекті толқын басталып жатыр»: Мамин жаңа штамм бойынша тапсырма берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/866d92bcd5d10f4e.webp)

**Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – «омикронның» таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Ол эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп айтуға болатынын жеткізді.

Үкімет басшысының сөзінше, елімізде инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 пайызды құрап отыр.

«Жасыл» аймақта 15 өңір, «сары» аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

> — Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр, – деді Асқар Мамин.

Осы орайда премьер-министр вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті.

> — Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет, – деді Асқар Мамин.

---

Жарияланды: 2021-12-22T09:01:23+06:00

Жаңартылды: 2021-12-22T10:04:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: [Асқар Мамин](https://qazaqpress.kz/tag/asqar-mamin/), [жаңа штамм](https://qazaqpress.kz/tag/zhanga-shtamm/), [омикрон](https://qazaqpress.kz/tag/omikron/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/22/kezekti-tolqyn-bastalyp-zhatyr-uekimet-basshysy-zhanga-shtamm-bojynsha-tapsyrma-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.