«Кезекті толқын басталып жатыр»: Мамин жаңа штамм бойынша тапсырма берді

«Кезекті толқын басталып жатыр»: Мамин жаңа штамм бойынша тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – «омикронның» таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ол эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп айтуға болатынын жеткізді.

Үкімет басшысының сөзінше, елімізде инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 пайызды құрап отыр.

«Жасыл» аймақта 15 өңір, «сары» аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

— Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр, – деді Асқар Мамин.

Осы орайда премьер-министр вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті.

— Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет, – деді Асқар Мамин.