---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/20/toqaev-qyzmetten-ketken-cojgha-alghys-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты

![Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/09/f9ab30d026f2f1659a2e12b45e7f075a.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

> — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді, — деп ждазды Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.

---

Жарияланды: 2021-12-20T06:25:33+06:00

Жаңартылды: 2021-12-20T06:25:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/20/toqaev-qyzmetten-ketken-cojgha-alghys-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.