---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/20/nur-sultanda-burynghy-inkassator-bankomattan-aqsha-urlaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған

![Нұр-Сұлтанда бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/cc0a4f74ca9b6be86b493ea704986695_xl.jpg)

**Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Айта кетсек, бұған дейін күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген. Жұмыстан босатылғаннан кейін ол бір кілтті тапсырмаған.

> «Кешкі уақытта бұзақы «Магнум» супермаркетіне келген. Терминалға келіп, аппаратты кілтпен ашып, 3 800 000 теңге сомасында ақша алған. Ақшаны сөмкеге салып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді полиция қызметкері.

Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2021-12-20T08:19:47+06:00

Жаңартылды: 2021-12-20T08:19:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/20/nur-sultanda-burynghy-inkassator-bankomattan-aqsha-urlaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.