---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/16/mamin-qazaqstandyqtardy-taewelsizdik-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

![Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/a.-mamin.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.**

> «Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады.
> 
> 
> 
> 
> Өткен жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық даму жолында, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
> 
> 
> 
> 
> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға негізделген стратегиялық бағытты одан әрі жүзеге асырып келеді. Елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр.
> 
> 
> 
> 
> Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы. Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі.
> 
> 
> 
> 
> Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті.
> 
> 
> 
> 
> Барша қазақстандықты осы айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуді тілеймін!
> 
> 
> 
> 
> Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!

---

Жарияланды: 2021-12-16T05:38:54+06:00

Жаңартылды: 2021-12-16T05:38:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/16/mamin-qazaqstandyqtardy-taewelsizdik-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.