---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/16/bqo-policiyasy-orman-sharwashylyghy-inspektory-zangsyz-ang-awlaw-kezinde-qajtys-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО полициясы: Орман шаруашылығы инспекторы заңсыз аң аулау кезінде қайтыс болған

![БҚО полициясы: Орман шаруашылығы инспекторы заңсыз аң аулау кезінде қайтыс болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_91276.jpeg)

**Полицейлер куәгер, күдікті және марқұм Серік Маженов қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress mgorod.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Тергеу кезінде куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Тергеу әлі жүріп жатыр. БҚО Полиция департаменті өкілдері ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпараттан аулақ болуды сұрайды. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жаза қарастырылғанын ескертеді, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, 14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды.

---

Жарияланды: 2021-12-16T07:16:54+06:00

Жаңартылды: 2021-12-16T07:16:54+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/16/bqo-policiyasy-orman-sharwashylyghy-inspektory-zangsyz-ang-awlaw-kezinde-qajtys-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.