Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізеді

Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізеді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді. Президенттің Баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізеді, — деп жазды Берік Уәли.