---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/15/qurmet-talapqazy-tegin-oqityn-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Құрмет Талапқазы тегін оқитын болды

![Құрмет Талапқазы тегін оқитын болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/crop-0_42_281x500_052158306900.jpg)

**Биыл жазда мал қырылған өңірлерге шөп жеткізіп көмектескен Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы еліміздің батысындағы қуаңшылыққа тап болған малды ауылдарға жем-шөп жіберу үшін бүкіл жұмысын тастап, қоғамдық бастамаға мұрындық болған еді.

---

Жарияланды: 2021-12-15T06:44:13+06:00

Жаңартылды: 2021-12-15T06:44:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/15/qurmet-talapqazy-tegin-oqityn-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.