---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/15/pojyzdardyng-zhanga-kestesi-aqtawdan-semejge-dejin-awysyp-otyrmaj-zhaene-almatydan-aqtawgha-dejin-talgomen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Пойыздардың жаңа кестесі: Ақтаудан Семейге дейін ауысып отырмай және Алматыдан Ақтауға дейін Тальгомен

![Пойыздардың жаңа кестесі: Ақтаудан Семейге дейін ауысып отырмай және Алматыдан Ақтауға дейін Тальгомен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/img-20211214-wa0030.jpg)

**Алматы мен Ақтау арасында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компания) №111 Тальго пойызы жүретін болды. Жалпы жолдағы уақыт 41 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі составтан жасақталған және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.**

Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты олар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, портативті компьютерлер) көмегімен сервердегі ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді көре алады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/12/img-20211214-wa0029.jpg)

 Бұл бағыт 12 желтоқсаннан бастап жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесі аясында енгізілді. Кесте бойынша Қазақстанда 118 жұп пойыз жүретін болады. Оның 95-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на (оның ішінде қала маңындағы тасымал — 61), ал қалған 23-і жеке тасымалдаушыларға тиесілі.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/12/img-20211214-wa0026.jpg)

Сонымен қатар, №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» пойызының жол жүру маршруты Семей станциясына дейін  ұзартылды. Енді бұл пойыз «Маңғыстау – Семей» деп аталады, ал оның ұзындығы 3233 км. Бір бағыттағы жол жүру уақыты — 62 сағат 21 минут. Пойыз жұп күндері жүреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/12/img-20211214-wa0024-1024x682.jpg)

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/12/img-20211214-wa0023-1024x682.jpg)

---

Жарияланды: 2021-12-15T09:37:07+06:00

Жаңартылды: 2021-12-15T09:37:07+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/15/pojyzdardyng-zhanga-kestesi-aqtawdan-semejge-dejin-awysyp-otyrmaj-zhaene-almatydan-aqtawgha-dejin-talgomen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.