---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/14/dosmuhambetov-hamenovanyng-ustalwy-twraly-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді

![Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_91186.jpeg)

**Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Хаменеваның орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменеваға тағылған айыптар бойынша — ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр, — деді Досмұхамбетов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.

> — Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (…) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны мемлекет басшысы қабылдайды, — деді Досмұхамбетов.

---

Жарияланды: 2021-12-14T05:41:23+06:00

Жаңартылды: 2021-12-14T05:41:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/14/dosmuhambetov-hamenovanyng-ustalwy-twraly-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.