---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/13/qazaqstanda-zhanga-energetika-vice-ministri-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

![Қазақстанда жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/photo_91125.jpeg)

**ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлағандай Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

- 2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

- 2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

- 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

- 2020 жылдан бастап қазірге дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2021-12-13T08:20:16+06:00

Жаңартылды: 2021-12-13T08:20:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/13/qazaqstanda-zhanga-energetika-vice-ministri-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.