---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/10/toqaev-zhoghary-ewraziyalyq-ekonomikalyq-kenges-otyrysyn-oetkizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді

![Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_368368.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

> «Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.
> 
> 
> 
> 
> Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де «Хабар-24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», — деп жазды  Берік Уәли.

---

Жарияланды: 2021-12-10T08:20:32+06:00

Жаңартылды: 2021-12-10T08:20:32+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/10/toqaev-zhoghary-ewraziyalyq-ekonomikalyq-kenges-otyrysyn-oetkizedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.