---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/10/almatyda-15-mynggha-zhwyq-zhasoespirim-pfizer-vakcinasyn-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 15 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

![Алматыда 15 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/08/756058605423888.jpg)

**Алматы қаласында бір тәулікте 4022 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

> « 9 желтоқсан күні 4022 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 082, II компонентін – 1940 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 желтоқсан аралығында қалада 1 033 048 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 990 908 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 743 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 20329 адам салдырды. Оның ішінде 1207 жүкті әйел, 4152 бала емізетін ана және 14970 жасөспірім бар.

---

Жарияланды: 2021-12-10T06:24:42+06:00

Жаңартылды: 2021-12-10T06:24:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/10/almatyda-15-mynggha-zhwyq-zhasoespirim-pfizer-vakcinasyn-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.