---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/09/atyraw-oblysynda-zhuek-pojyzy-20-qoj-eshkini-basyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында жүк пойызы 20 қой-ешкіні басып кетті

![Атырау облысында жүк пойызы 20 қой-ешкіні басып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/12/211209114907778e.jpg)

**Атырау облысында жүк пойызы 20 қой-ешкіні басып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Жүк пойызының машинисі «Қиғаш-Атырау» учаскесіндегі №15 разъезде темір жол үстінде жүрген қой-ешкілерді байқап, шұғыл тежеу әдісін қолданды. Бірақ, оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Пойыз 16 қой мен 4 ешкіні басып кетті. Жүк пойызы осының салдарынан 12 минут мәжбүрлі түрде тоқтап тұрды. Оқиға орнына Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келіп, мән-жайды анықтады», — дейді департамент бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Айта кетсек, пойыз астына түскен малдың иесі Исатай ауданындағы Аққыстау ауылының тұрғыны болып шыққан. Мал иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынған.

---

Жарияланды: 2021-12-09T08:45:42+06:00

Жаңартылды: 2021-12-09T08:45:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/09/atyraw-oblysynda-zhuek-pojyzy-20-qoj-eshkini-basyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.