---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/12/08/qazaqstannyng-bas-sanitariya-daerigerining-zhanga-qawlysy-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

![Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/602e2444f2f1a226935684.jpg)

**Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Қаулы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 46 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қаулыда мынадай өзгерістер қарастырылған:

КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мына тұлғалар жатады:

- 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
- жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
- лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін.

Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқып жатқан және тұратын студенттер де коронавирусқа қарсы вакцина алуға жатады.

Мынадай редакцияда жазылсын:

- Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады;
- егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол бермеу;
- бір мезгілде вакцинациялауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакцинация жүргізуді ұйымдастыру;
- жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде вакцинация жүргізілмейді;
- егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі. Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды;
- Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды;
- «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинацияны және ревакцинацияны алу туралы деректер КВИ-ге қарсы вакцинаның барлық алынған дозаларын рет-ретімен (егу жүргізілген күн, вакцинаның атауы, сериясы, өндіруші ел, доза) көрсете отырып, «Вакцинация» Модулінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

---

Жарияланды: 2021-12-08T08:14:24+06:00

Жаңартылды: 2021-12-08T08:14:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/12/08/qazaqstannyng-bas-sanitariya-daerigerining-zhanga-qawlysy-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.