1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды
Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері халық саны 200 мыңнан аса адамға артты, деп хабарлайды Qazaqpress Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасай отырып.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 18 миллион 879 мың 552 адам тұрған. 1 қарашада халық саны 19 миллион 82 мың 467 адам болды. Жыл басынан бері өсім 202 915 адамға жетті. 10 айда табиғи өсім жоғары болды — 222 338 адам. Теріс көші-қон көрсеткіштері төмендеді. Жыл басынан бері елден басқа жаққа 19 423 адам тұрақты тұруға кетті.